Зайсандықтар үш мың көшет екті
Зайсан ауданында көгалдандыру және тазалық жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр.
Бүгінге дейін аудан орталығы мен ауылдарда үш мың көшет егілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қоршаған ортаның тазалығы – ұлт саулығының кепілі. Сондықтан тал егу игі дәстүр, дейді зайсандықтар.
– Қала мен ауылдардың қарапайым тұрғындары, түрлі еңбек ұжымдары экологиялық науқанға бір кісідей кірісіп, саябақтарға, жолдар мен аллея бойына, алаңдарға 3 мың түп көшет екті, – деп хабарлады Зайсан ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы Зумрад Дүйсенбаева.
Естеріңізге сала кетейік, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы республика көлемінде сәтті жүзеге асып жатыр.
Оқи отырыңыз