KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 0,4 м/с, СШ
439.43 473.31 4.82

Өскемен: «Қазақстан» тауына көшет егіледі

Фото: jana-kezen.kz

26.04.2024, 15:32 62 Ләззат Қанатқызы

Ертең облыс орталығындағы «Қазақстан» тауына көшет отырғызылады.

Елімізде 6 сәуір күні басталған «Таза Қазақстан» акциясының «Жасыл аймақ» деп аталған  үшінші апталығы өтіп жатыр,  деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Өңір тұрғындары экологиялық акцияға белсене қатысып, ұйымдастырылған сенбіліктрге біркісідей атсалысуда. Ертеңге дейін жалғасатын «Жасыл аймақ» апталығы аясында ШҚО елді мекендерінде орман шаруашылықтары тегін таратқан 20 мың көшет егілмек.

- 27 сәуірде сағат 11:00 - де "Таза Қазақстан" акциясы аясында "Қазақстан" тауына көшет отырғызамыз, - делінген қала әкімдігінің хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, биыл облыс аумағында 123,2 мың ағаш отырғызу жоспарланған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив