KZ
Өскемен
пасмурно жел 4 м/с, СБ
487.42 531.39 5.04

Тарбағатай тұрғындары тал егуді қолға алды

17.04.2024, 11:14 172 Қызырбек Дүргінбайұлы

Тарбағатай ауданының халқы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсене атсалысуда. Тұрғына аулалар мен көшелерді тазалап, көгалдандыру жұмыстарын жүргізуде.

Әсіресе, Жетіарал, Құйған, Ақжар ауылдарының тұрғындары белсенділік танытып жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жетіарал ауылының шетіндегі 200 метрлік қоршауға, Құйған ауылының кіре берісіндегі жолдың екі  шетіне көшет отырғызылды. Ақжар ауылының орталығында абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

– Мемлекет басшысының бастамасымен республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы  басталғанын білесіздер. Бұл акция мамыр айының ортасына дейін жалғасады.  Әр аптаның өзіндік тақырыбы мен нақты мақсаты бар. Осыған орай ауданымыздың әр ауылында тазалық, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары жалғасуда. Тазалық жұмыстарына ауданның барша тұрғындары белсенді қатысуда, – дейді аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ермек Құрманғалиев.

Еске сала кетейік, Тарбағатай ауданы акция аясында «Ең таза ауылды» анықтап, 10 млн теңге мөлшерінде сыйақы беруді жоспарлап отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив