Зайсан ауданында «Таза Қазақстан» акциясына мыңнан астам адам қатысты
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясына Зайсан ауданының тұрғындары да белсене қатысуда. «Киелі мекен» апталығы аясында тарихи, мәдени ескерткіштердің айналасына тазалық жұмыстары жүргізіліп, абаттандырылып жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Өңірдегі мемлекеттік қызметкерлер, еріктілер, колледж студенттері мен жастар ресурстық орталығының өкілдері, жергілікті мекемелердің жұмысшылары экологиялық акцияға қатысып, қаланың тазалығына атсалысты. Бұл шараға аудан бойынша барлығы мыңнан астам адам жұмылды.
– Екінші аптаға жалғасқан экологиялық акцияға аудан халқы жаппай жұмылып, белсенді қатысып жатыр. Елді мекендердегі саябақ, ескерткіштердің маңы қыстай жиналған күл-қоқыстан тазартылып, абаттандырылуда. Осыдан кейін енді көшет егу жұмыстарына кірісетін боламыз, – деді Зайсан ауданының әкімі Аэлита Ахметсәлімқызы.
Қуаныш Рахметоллаұлы
Оқи отырыңыз