KZ
Өскемен
+15°
ясно жел 1 м/с, С
439.43 473.31 4.82

Қайсенов кентінде көшет егуге 500-ден астам адам ат салысты

Ұлан ауданы әкімдігінен
Ұлан ауданы әкімдігінен
27.04.2024, 15:00 114 Назерке Каримова

Ұлан ауданында жалпы 4 мың көшет отырғызылмақ, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтіп жатыр. Бүгін «Жасыл аймақ» апталығында еліміздің барлық аумағында, оның ішінде облысымызда көшет отырғызу жұмыстары белсенді жүріп жатыр.

- Мектеп оқушылары, еріктілер және белсенділердің көмегімен 4000 көшет отырғызуды жоспарлап отырмыз, - деп хабарлады Ұлан ауданы әкімдігі. - «Жасыл аймақ» апталығы аясында Қасым Қайсенов кентіндегі Райымжан Мәрсеков атындағы орта мектеп аумағында 500-ден астам адам абаттандыру, көшет отырғызу, аумақты қоқыстан тазарту жұмыстарына белсенді атсалысты. Акция тек экологиялық компонентке ғана емес, жастарды тәрбиелеуге де бағытталған.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив