KZ
Өскемен
-17°
туман Штиль
503.17 600.89 6.63

Қазақстан мен Қытай арасында әуе рейстер саны артады

pexels.com

19.05.2024, 16:00 674 Назерке Каримова

Енді Астана-Үрімші бағыты бойынша аптасына 3 рейс қатынайды.

30 мамырдан бастап "China Southern Airlines" әуе компаниясы Астана – Үрімші бағыты бойынша рейстер санын аптасына 2-ден 3 рейске дейін арттыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Аltainews.kz тілшісі.

ҚР Көлік министрлігі ақпараты бойынша, екі ел арасында Boeing 737 (сыйымдылығы 128-ден 178 орынға дейін) ұшақтары қатынайды.

Осылайша екі ел арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 27-ден 43-ке дейін ұлғаяды.

Қазақстан мен Қытай арасындағы рейстер санының артуы елдер арасындағы туристік, мәдени, инвестициялық және іскерлік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, сондай-ақ халықаралық әуе тасымалы нарығындағы бәсекелестіктің артуына және әуе билеттері бағасының төмендеуіне ықпал етеді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу