SCAT компаниясы Чехияға әуе қатынасын ашады
Фото: polet.me
22 мамырдан бастап SCAT әуе компаниясы Астана – Прага бағыты бойынша әуе қатынасын қалпына келтіреді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Көлік министрлігі баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, министрлік ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын ұлғайту жұмыстарын жалғастырып жатыр.
– Аталған рейстер аптасына екі рет (сәрсенбі және сенбі) сыйымдылығы 186-189 орындық Boeing 737 ұшақтарымен орындалады, – делінген министрлік хабарламасында.
Әуе қатынасын қайта ашу екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді деп көзделіп отыр.
Оқи отырыңыз