KZ
Өскемен
-4°
туман Штиль
505.53 593.44 6.34

Өзбекстанға жаңа әуе жолы ашылды

фото: aikyn.kz

13.05.2024, 11:36 559 Айжанат Бақытқызы

Қазақстанда халықаралық әуе рейстерінің саны артып келеді. Өзбекстанмен әуе қатынасында жаңа бағыт пайда болды. Осылайша, халықаралық рейстердің жалпы саны 121 әуе бағыты бойынша аптасына 567-ге жетті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің ақпараты бойынша, «Uzbekistan Airways» әуе компаниясы 2024 жылдың 1 маусымынан бастап Алматы-Нөкіс жаңа әуе бағыты бойынша тұрақты рейстерді жүзеге асыра бастайды.

«Рейстер аптасына екі рет (сәрсенбі және сенбі күндері) сыйымдылығы 174 орындық Airbus A320 ұшағында орындалады», - деп хабарлады Азаматтық авиация комитеті.

Қолға алынған бұл шаралар екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, туризм саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп күтілуде. 

Қазір Қазақстаннан 28 елге 121 бағыт бойынша халықаралық рейстердің жалпы саны аптасына 567-ге жетті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу