Ресейде ҚазҰУ филиалы ашылады
ҚР ғылым және жоғары білім министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филиалы Ресей Федерациясында Ф.М. Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетінің базасында ашылады.
ҚазҰУ-дың басқарма төрағасы – ректор Жансейіт Түймебаев РФ ғылым және жоғары білім министрінің орынбасары Константин Могилевскиймен және Омбы облысының губернаторы Виталий Хоценкомен кездесті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпаратына сүйеніп.
Екі жоғары оқу орнының басшылары ОМУ базасында ҚазҰУ филиалын құру және оның жұмысы туралы келісімге қол қойды. Бұл Ресейдегі халықаралық құқық, кеден ісі және филология саласында екі ел үшін мамандар даярлайтын алғашқы қазақстандық филиал.
Қол қою рәсіміне Омбы облысының үкімет төрағасының орынбасары және білім министрі Иван Кротт, ҚР Омбы қаласындағы бас консулы Керім Қожамбердиев, Ф.М.Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетінің ректоры Сергей Замятин, Қазақстан мен Ресейдің жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.