Ұлттық ғылым академиясының трансформациясы – жүйелі шешім
Реформаларға толы болған 2022 жылдың тағы бір үлкен жүйелі шешімі – Ұлттық ғылым академиясының трансформациясы. Оған мемлекеттік мәртебе (ҰҒА 100% мемлекеттің қатысуымен коммерциялық емес акционерлік қоғам ретінде жұмыс істейді) және бюджеттік қаржыландыру қайтарылды.
Академия, шын мәнінде, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтарына мүмкіндігінше жұмыс істеуі үшін ғылымды дамыту саласындағы ұлттық саясатты айқындайтын орталықтандырылған құрылымға айналады. Осы бағыттар бойынша 2022 жылы жүзеге асырылған шаралар мен жобалардың ішінде Ғылымды дамыту тұжырымдамасы мен 2022-2026 жылдарға арналған білім беруді дамыту тұжырымдамасы қабылданғанын ерекше атап өтуге болады.
Ғалымдарға қолдау көрсету жүйесі дамытылуда, оның ішінде сыйақы бағдарламалары арқылы, мысалы, гуманитарлық ғылымдар саласындағы А.Байтұрсынұлы атындағы жаңа Мемлекеттік сыйлықты тағайындау қарастырылған. «Болашақ» бағдарламасы бойынша инженерлік-техникалық кадрлар мен медицина қызметкерлері санаттарына қойылатын талаптар төмендетілді.
Еліміздің үш өңірінде жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының филиалы ашылды. И.Губкин атындағы Ресей мұнай және газ университетінің филиалы – С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің базасында, Мәскеу инженерлік физика институтының филиалы – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында, Аризона университетінің филиалы – М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында.
Мұндай жобалар Қазақстан үшін халықаралық деңгейдегі жоғары білімнің қолжетімділігін арттырып қана қоймайды, сонымен қатар «жоғары мектептегі» стандарттарды көтеруге мультипликативті әсер етеді.