KZ
Өскемен
+15°
небольшой дождь жел 2 м/с, В
471.83 505.66 5.4

Шығыс ауылы мен Ахмер кентінің жолы жөнделіп жатыр – Өскемен

Фото: depositphotos.com

12.06.2024, 15:35 104 Ләззат Қанатқызы

Шығыстың бас шаһарында шағын аудандарды дамыту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Аталмыш бағарлама аясында Шығыс ауылы мен Ахмер кентінің жолдарында орташа жөндеу жұмыстары басталды.

Естеріңізге сала кетейік, жөндеу жұмыстары өңірде жарияланған Жол жылы аясында жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Шығыс ауылы мен Ахмер кентінде жол жабыны қалпына келтіріліп, тротуарлар жаңартылады. Сондай-ақ жаңа жиектастар орнату жоспарланған.

- Қала маңындағы шағын аудандарда шешімін таппай, қордаланған мәселелер көп. Жолдары жөндеу көрмеген, абаттандырылмаған көшелер жетіп артылады. Бүгінде шағын аудандарды дамыту бағдарламасы аясында тұғындар жылдар бойы көтерген мәселелер өз шешімін тауып келеді. Яғни жолдарға орташа жөнде жүргізіліп, балалар және спорт алаңдары салынды, көше жарығы мен тротуарлар орнатылды. Биыл Шығыс ауылындағы Мұстафа Шоқай мен Сарыарқа көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргіземіз. Бқ\ұл жұмыстр жоспар бойынша екі ай ішінде аяқталуы қажет, - деді қала әкімі Жақсылық Омар.

Сонымен қатар шаһар басшысы Мұстафа Шоқай көшесінде қосымша арық болатынын да атап өтті.

- Ахмер кентінде дәл осындай жұмыс жүргізіліп жатыр. Өткен жылы бірнеше көшеге асфальт төселген. Енді мұнда автобус жүруі үшін Жаңа Жол көшесі жөнделіп жатыр, - деді Жақсылық Омар.

Мердігер Ахмер кентіндегі жұмыстарды бір-екі ай ішінде толықтай аяқтауға уәде беріп отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив