KZ
Өскемен
+14°
пасмурно жел 5 м/с, СШ
475.39 513.37 5.4

«Ауыл - ел бесігі» жобасы Глубокое ауданында қарқынды дамып келеді

24.11.2023, 22:03 137 Анель Слямғазықызы

Глубокое ауданында «Ауыл - ел бесігі» жобасын іске асыру шеңберінде 528,9 млн теңге жол мен көше жарығын орнатуға жұмсалды.

Жоба аясында аудандағы 4 ауылда жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, көше жарығы орнатылды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Атап айтқанда, Предгорное, Винное, Черемшанка, Секисовка ауылдарында 18,3 км кентішілік жолдар жөнделіп, 573 көше жарықтандырылған.

Сонымен қатар Разъезд 226, Алтайский, Глубокое, Опытное поле, Заречное ауылдарында ұзындығы 6,5 км жолға 60,1 млн теңгеге орташа жөндеу жүргізілген. Тағы 10 ауылда 131 млн. теңгеге жалпы ұзындығы 29,4 км жолға асфальт төселді.

Ал жарықтандыруға келер болсақ ауданның 13 ауылының көшелерінде жалпы сомасы 98,8 млн теңгеге 430-дан астам жарықтандыру тіректері қойылған.


Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылысды дамыту тұжырымдамасы шеңберінде ауданда 4 жоба жүзеге асырылды.

-  Глубокое кентінің жылу желілерін реконструкциялау, Малоубинка ауылында су құбыры желілері мен су тарту құрылыстарын салу, Степное және Бобровкада сумен жабдықтау жүйесін реконструкциялау жүргізілді. Ауданның 7 ауылы, яғни Белоусовка, Перевальное, Предгорное, Черемшанка, Кожохово, Секисовка, Глубокоеда 165,2 млн теңгеге қолданыстағы сумен жабдықтау желілеріне жөндеу жүргізілді. Сондай-ақ Глубокое кентінде 7,8 млн теңгеге су тазартатын блок-модульдік станциясы орнатылды, - деді Эльдар Тұмашинов.


Халықты сапалы интернетпен қамтамасыз ету үшін Зимовье ауылында антенна-діңгек орнату жұмыстары жүргізіліп,
балалар ойнайтын  3 алаң және 5 спорт алаңы орнатылған.


83,8 млн теңгеге 6 мәдениет нысанына жөндеу жүргізіліп қойды. 11 білім беру нысанында 90,8 млн теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Алдағы уақытта осы жоба аясында 4 ауылда жұмыстар жоспарланған, 400 млн теңгеге көше жарығын орнату және жолдарды орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Сонымен қатар жергілікті бюджет есебінен жолдарды жөндеу, көшелерді жарықтандыру, балаларға арналған және спорт алаңдарын орнату, аулаларды абаттандыру жұмыстары да жалғасын табады,- деді аудан әкімі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив