Шағын аудандарды дамыту жұмыстары жалғасуда – Өскемен
Облыс орталығында шағын аудандарды дамыту жұмыстары жалғасуда.
Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар биыл шағын аудандарда атқарылатын жұмыс жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Айта кету керек, биыл Бабкина мельница шағын ауданында 300 орындық жаңа білім ордасы бой көтереді.
Ал, Согра шағын ауданының жолдарын жөндеге 50 миллион теңге бөлінген. Қала әкімінің айтуынша, қай көшелер жөнделетінін аудан тұрғындарымен кездесу барысында ақылдасып, шешпек.
Сонымен қатар, Фасадная көшесіндегі алаңда сквер және футбол алаңқайын орналастыру жоспарланған. Узбекская көшесіндегі жолдар мен "Восточник-5", "Восточник-6", "Титан", "Металлург - 3" саяжайына апаратын жолдарға қиыршық тас төселетін болады.
Меновное ауылындағы №53 автобус бағыты бойынша (Өскемен-Семей тас жолынан бастап "Радуга"бау — бақша серіктестігіне дейін) жол орташа жөндеуден өтеді. Жеңіс мемориалы жарықтандырылып, «Металлург - 6» бау-бақша серіктестігіне футбол алаңқайы орнатылды.
22 және 23 шағын аудандарға тоқталсақ, Торайғыров пен Дробышев көшелерін асфальтталып, 23 шағын аудандағы Алдабергенов, Бостандық, Сумин көшелеріне грабли төсеу жоспарланған. Прудхоздағы жолдарды асфальттап, жөндеуге 40 миллион теңге бөлінді.
Сондай-ақ шаhар басшысы шағын аудандарды дамыту жұмыстары осымен тоқтап қалмайтынына барын салатынын жеткізді.