KZ
Өскемен
-7°
туман жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Красин кентінде жол жөндеу жұмыстары жалғасуда

31.05.2024, 15:38 128 Ләззат Қанатқызы

Облыс орталығында биыл шағын аудандардың жолдарына ерекше көңіл бөлінуде.

Жол жөндеу жұмыстарының бірінші кезеңі басталып та кетті. Бұл кезеңде Красина кентіндегі бірнеше көшенің жолына орташа жөндеу жүргізілуде, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жұмыстар Красина кентіндегі Шелехов және Линная көшелерінде жүргізіліп жатыр.

Мердігер Шелехов көшесіндегі жол жөндеу жұмыстарын бірніші күн ішінде аяқтауға уәде берді.

- Биылғы Жол жылы аясында бірқатар көшеге жөндеу жүргіземіз. Үш жыл бұрын қаламызда шағын аудандарды дамыту үшін арнайы бағдарлама қабылданған болатын. Бүгінде  ол өзінің тиімді нәтижесін көрсетіп, аудан тұрғындарын толғандырған мәселелер біртіндеп шешімін тауып келеді. Мәселен, Красин кентінде 2022 жылы бірқатар көшелердің жолы жөнделген болатын. Биыл бірінші кезең аясында тұрғындардың өтінішімен Шелехов және Линная көшелері таңдап алынды. Аталған көшелерде 30-40 жыл бойы асфальт болмаған. Орташа жөндеу жұмыстары бірнеше күн ішінде аяқталады, - дейді қала әкімі Жақсылық Омар.

Сондай-ақ шаһар басшысы шағын аудандағы жарық, су, тротуар мен әлеуметтік мәселелер де жергілікті атқарушы органдардың бақылауында болатынын атап өтті.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив