KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями Штиль
480.11 532.25 5.14

Алтайда «Ақылды киіз үй» ЅТЕАМ лагері ашылды

13.06.2024, 19:06 208 Айжанат Бақытқызы

Алтай қаласының №7 орта мектебінде инженерлік ЅТЕАМ лагері ашылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Аталған оқу орны STEAM-оқыту тәсілін сәтті дамыта бастады. Мұғалімдер осы жылдың наурыз айында steam сертификаттаудан өткен. Бұл сертификатты қазіргі уақытта Қазақстан бойынша 19 мектеп қана алғандығын атап өткен жөн.

Аудан әкімінің орынбасары Ж.Асқарованың айтуынша, STEAM -оқытуды енгізу жөніндегі республикалық ғылыми-практикалық конференцияда мектеп директоры А.Нұрмұхамбетова мен математика және информатика пәнінің мұғалімі С.Садықова білім министрі Ғ. Бейсембаевтан STEAM-білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін Алғыс хатпен маратапатталған.

Сондай-ақ, С.Садықова осы беделді STEAM-конкурстың ұлттық кезеңінде жеңіске жетіп, осы жылдың тамызында Финляндияның Турку қаласында Қазақстанның намысын қорғайды.

«Киіз үй - тиімді баспана» жобасын халықаралық сарапшылар жоғары бағалаған.

Мектеп оқушыларының жетістіктері де жетерлік. Мұнда аймақтық және республикалық деңгейде жоғары нәтиже көрсетіп жүрген  дарынды балалар оқиды.

Мәселен, жоба қорғаумен белсенді айналысатын 9-сынып оқушылары автоматтандырылған суару жүйесі бар аскөк өсіру жобасын жасап, 144 мың теңге грант ұтып алды. Ал Салтанат Садықова макулатураны қайта өңдеу жобасын іске асыруға 273 мың теңге грант жеңіп алды.

Салтанат Садықова American Corner компаниясының аймақтағы ресми өкілі және мектеп базасында Алтай ауданында алғаш рет АҚШ дипломатиялық миссиясының қолдауымен STEAM инженерлік лагері ашылды.

Барлық жобалар мен гранттар Қазақстанда STEAM білім беруді дамытуға белсенді үлес қосып жүрген Шеврон компаниясының көмегімен іске асырылуда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив