KZ
Өскемен
+1°
небольшой снегопад Штиль
530.12 546.08 5.17

«Ашутас» пен «Құзғындыны» көріп қайтпақ

20.06.2024, 17:48 172

Балалардың көптен күткен мезгілі - жазғы демалыс басталды. Әр баланың осы маусымды қызықты да мәнді өткізуі ата -ана үшін де, мектеп үшін де маңызды. Жазда сергіп, дұрыс демалған, басқа балалармен араласып, ел, жер көрген баланың денсаулығы жақсарып, дүниетанымы кеңейіп, рухани жағынан да өсіп, кемелденеді.

 2023-2024 оқу жылында Күршім ауданының 39 мектебінің 1-10 сыныбын  3510 оқушы  аяқтады, оның ішінде:  аз қамтылған, көп балалы аз қамтылған және  көпбалалы отбасы жанұя балаларының саны – 1401. Биыл осы санаттағы балалар мен оқу озаттары демалыс лагерьлеріне тегін барады. Аудан бойынша ерекше білім алатын 103 бала мектеп жанындағы сауықтыру алаңына тартылып отыр. Балалар лагерьлері, сауықтыру орындары - демалыс нысандары ғана емес, тәрбие ортасы.

Білім алушылардың жазғы демалысты ұйымдастыру, сауықтыру және жұмыспен қамту Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 13 желтоқсандағы  № 191-ө «Балаларды сауықтыру және олардың шығармашылық, зияткерлік әлеуетін дамыту жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы» өкімімен регламенттелген және де облыстық білім басқармасының 2024 жылдың 3 сәуірдегі № 154 бұйрығына сәйкес ұйымдастырылады.

Балаларға жаздың жарқын өтуін, жақсы тынығуын, сауықтырылуын ұйымдастыру- білім саласы қызметкерлері мен педагогтардың басты міндеттері. Демалыстың қызықты өтуі тәрбиешілердің кәсіби шеберлігіне, педагогикалық мәдениетіне де байланысьы. Әр оқушы жас ерекшеліктеріне орай жаз бойы демалып, сауықтырылып, жаңа оқу жылына жақсы шабыт, тың күш-жігермен келіп, білім нәрімен сусындауға тиіс. Жазғы демалыстың дұрыс ұйымдастырылуы ата-анаға, мектеп ұжымына, қоғамдық ұйымдарға үлкен жауапкершілік пен міндеттер жүктейді.

Жаз айларында балалардың сауықтырылуы мен бос уақытын ұйымдастыру бірнеше бағыттар бойынша жүзеге асырылады: сауықтыру демалысы; қызығушылықтары бойынша демалыс; спорттық-туристік саяхат.

Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысы мен сауықтырылуын ұйымдастыру жұмыстары тиянақты атқарылуда.

Аудан бойынша мектепішілік бақылауда есепте тұрған оқушылар және  кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі инспектордың есебінде  тұрған жасөспірімдер -жоқ.

Маусым айынан бастап аудандағы 39 мектеп жанындағы сауықтыру алаңдарында 1091 оқушы демалыс және сауықтырумен қамтылуда (684 бала жалпыға бірдей білім беру қоры, 407 бала кәсіподақ ұйымы есебінен). 13 мектепте тамақсыз спорттық-сауықтыру алаңдары ашылып, онда 155 денсаулығы төмен, диспансерлік есепке алынған балалар денсаулықтарын шынықтыруда. Сонымен қатар, аудандағы 3000-нан астам балаларға маусым-тамыз айларында Күршім өңіріндегі тарихи- ескерткіш орындарында  өлкетану, экология, патриотизм, спорт бағыттары бойынша топсеруендер, 3 және көп күндік саяхаттар ұйымдастырылуда.

Күршім жері - тұнған тарих. Сол тарихты зерделеу жас ұрпақтың парызы. Өңірдің тарихи, табиғи орындарына саяхаттап барып жатқан ұл, қыздардың бойында, санасында туған жердің  сырға толы жерлерін зерттеуге, құпиясын ашуға деген сезім де пайда болары сөзсіз.  Аудан мектептерінің оқушылары биыл Кемеркөлге, „Марқакөл“ қорығына, жалындап жатқан  Қиын-керіш  шатқалына,  «Ашутас»  геологиялық-палеонтологиялық және геоморфологиялық табиғат ескерткіштеріне, Сарыөлең, Ақши ауылдарындағы петроглифтарға, обаларға танымдық саяхатқа, Алтай өңіріне бағытталған «Құзғынды жайлау» мекеніне, «Сарытау» марал өсіру шаруашылығына саяхатқа барып жатыр. Қазіргі уақытта 1400 бастауыш сынып оқушылары осы бағыттар бойынша үш күндік саяхаттарға барып келді. Осылайша, балалар аудандағы табиғи, тарихи жерлерге барып, туған жердің шежіресін, табиғатын танып – білуде.

«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының «QН Жаздық жолдама-2024» жобасы аясында 10 мектептің  70 оқушысы 2024 жылдың 10-20 маусым мен 5-15 тамыз күндері аралығында 10 күн Таулы Үлбіде орналасқан «Дарын» сауықтыру лагеріне барып демалады.  2024 жылдың 1-20 маусым аралығында 4 оқушыға  Республикалық «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығына жолдама беріліп, қазіргі уақытта демалуда.

2024 жылдың 17 маусымынан бастап ауданның «Балдәурен» лагерінде 700 бала кезең - кезеңмен демалмақ, жаңа дос тауып, жаңа күш жинап, сергіп, серпіліп қайтпақ.

Маусым айынан бастап балалардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында аудандағы 3 қосымша білім беру мекемелерінде (Күршім мен Марқакөл балалар музыка мектебі және балалар шығармашылық үйі) және әр мектептерде 138-ден астам үйірмелер (музыкалық, шахмат, тоғызқұмалақ, компьютер сауаттылығы, тілдік, спорттық үйірмелер) жұмыс істеп жатыр, онда 1702- ден астам балалар  үйірмелерге тартылуда. Ауданда орналасқан спортмодульде, спорт мектебінде, жасанды және мектеп жанындағы спорт алаңдарында және  «Сарытау» спорт кешенінде жаз айларында балалар денсаулықтарын шынықтырады. Жаз айларында мектептерде 5-10 сынып оқушыларына "Жазғы стадион" мектеп спорт алаңдарында спорттық іс-шаралар өткізіліп жатыр. 1-4 сынып оқушыларына жазғы компьютерлік лагерь, 5-7 сынып оқушыларына арналған "Фотоаппаратпен жаз" жазғы мектеп, 7-10 сынып оқушыларына  офлайн ZOOM, Sкуре платформаларындағы мектеп пікірсайыс лигаларының жазғы  2 күндік лагерь және жазғы бейіндік алаңдары  ұйымдастырылып жұмыс істеп жатыр.

Сонымен қатар, мектеп оқушылары  спорт алаңдарында әр түрлі спорттық шараларға тартылып, 12 аулалық кіші футбол командаларымен спорттық кездесулер өткізіледі.

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, балалар (34 оқушы) мектеп орманшылықтарында жұмысқа (Үшбұлақ НОМ-10, Урунхайка НОМ -14, Төсқайын ОМ-10) тартылып, орман қызметкерлеріне көмек көрсетуде. Қазіргі күні мектеп жанындағы ауланы абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі жасақтарда (39 мектепте 2170 оқушы) балаларды  жұмыспен қамтуды жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде.

Бауыржан Елеубаев, Күршім аудандық білім бөлімінің басшысы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу