Қандай лагерьлер балаларды қабылдауға дайын?
Фото: tatarstan24.tv
ШҚО-ның 14 сауықтыру лагері балаларды қабылдауға дайын.
2023 жылдың 13 шілдесіндегі жағдай бойынша, өңірдің 14 сауықтыру лагері нысандардың халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алған және балаларды қабылдауға дайын, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.
Шығыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті рұқсат алған лагерьлердің тізімін ұсынды:
- Катонқарағай ауданының "Арайлы Шығыс" жыл бойғы лагері;
- Өскемен қаласының "Жігер" жазғы демалыс лагері;
- Алтай ауданының "Жемчужина" мектеп жанындағы балалар лагері;
- Мало-Убинка ауылының "Толағай" жазғы сауықтыру лагері;
- Горная Ульбинка ауылының "Дарын" және "Алау" жазғы сауықтыру лагері;
- "Казцинк" ЖШС-нің "Синегорье" ДСК демалыс базасындағы жазғы лагерь;
- Риддер қаласындағы ОРРММИК сауықтыру лагері";
- Ұлан ауданының "Үміт", "Болашақ", "Қызыл желкендер" жазғы балалар сауықтыру лагерлері;
- Күршім ауданының "Балдәурен" лагері;
- Зайсан ауданы әкімдігінің "Зайсан аудандық бұқаралық спортты дамыту орталығы";
- Тарбағатай ауданының "Сенім" жазғы лагері.
Оқи отырыңыз