KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 2 м/с, СБ
479.23 534.96 5.16

Аударыспақтан Қазақстан құрамасы топ жарды

instagram/ulttyqatsport.kz

23.06.2024, 19:00 79 Назерке Каримова

Татарстан Республикасының астанасында аударыспақтан 3-ші әлем чемпионаты өтті.

Қазан қаласында өткен ат үстіндегі күрестен (аударыспақ) әлем чемпионатына әлемнің 6 елінен, 8 құрама команда қатысты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР ТСМ СДШІК "Ұлттық жəне ат спорты түрлері орталығы" РМҚК ақпаратына сүйеніп.

Атап айтар болсақ Моңғолия, Татарстан, Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан, Башқұртстан, Түрікменстан мен Қазақстаннан барлығы 45-ке жуық спортшы бақ сынады.

- Қазақстанның намысын Азамат Серғазин, Шыңғысхан Ержанов, Дарын Өткелбай, Алтай Сүйеубаев, Төлеби Қайыржанов, Арман Сағынбаев қорғады, - деп хабарлады Ұлттық жəне ат спорты түрлері орталығы. - 60 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Азамат Серғазин, 80 келіде Дарын Өткелбай, 90 келі салмақ дәрежесі бойынша Алтай Сүйеубаев, 100-ден жоғары салмақта Арман Сағынбаев қарсылас шақ келтірмей алтыннан алқа тақты. Ал 70 келіде бақ сынаған Шыңғысхан Ержанов қола жүлде иеленсе, 100 келіде күрескен Төлеби Қайыржановқа күміс жүлде бұйырды.


Осылайша, 8 құраманың арасынан топ жарған Қазақстан, командалық есеп бойынша 1-орынды иеленді. 2-орын Қырғызстан, 3-орын Татарстанның ұлттық құрамасына бұйырды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив