Шығыстың жас боксшылары «алтын» алып қайтты
Шығыс Қазақстан облысының жас боксшылары ел чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Аталмыш дода Атырау қаласында өтті. Қатысушылардың жалпы саны – 180. 10 спортшы аймақ атынан сынға түскен еді. Соның ішінде 81 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан Ерасыл Жақыпбеков пен 91 келіде шыққан Бекзат Ерхат қарсылас шақ келтірмей, алтыннан алқа тақты. Ал Руслан Күзебаев (56) пен Бекзат Сәтжанов (60) қолаға қол жеткізді.
– Облыс намысын қорғаған жас боксшылардың барлығы да жоғары деңгейде өнер көрсетті, – дейді Дене шынықтыру және спорт басқармасы.
Оқи отырыңыз