KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 1,3 м/с, В
481.19 538.45 5.18

Колледжге құжатты қай уақытқа дейін тапсыруға болады?

Фото: inbusiness.kz

29.07.2023, 15:16 300 Оразай Жеңісұлы

Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаментінің деректеріне сүйенсек, колледждерге құжат 2023 жылғы 20 тамызға дейін қабылданады.

Биыл мемлекеттік білім беруге тапсырыс көлемі 50 мың орынға артты,

«Жалпы, колледждерге мемлекеттік тапсырыс бойынша 130 мыңнан астам талапкерді қабылдау жоспарланып отыр», - делінген ақпаратта.

Мемлекеттік тапсырыс техникалық мамандықтарға бағытталып отыр. Нәтижеде геология, тау-кен өнеркәсібі, энергетика, металлургия, машина жасау, көлік, IT, құрылыс және коммуналдық шаруашылық салалары бойынша тапсырыс ұлғайтылды.

Былтырдан бастап кәсіпорындардың өтінімі бойынша кадрларды мақсатты түрде даярлау енгізілген. Яғни жұмыс беруші практиканы ұйымдастыруды және колледж түлектерін одан әрі жұмысқа орналастыру міндетін мойнына алады.

Оқу-ағарту министрлігі биыл кәсіпорындардың өтінімі бойынша қосымша 10 мың студент қабылдау жоспарланғанын мәлімдеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив