KZ
Өскемен
-12°
переменная облачность жел 1 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Қазақ диаспорасы балаларының арасында Халықаралық олимпиада өтті

Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

24.06.2024, 12:15 111 Айжанат Бақытқызы

Ақтау қаласында қазақ диаспорасының балаларына арналған «Қазақстан – ата жұртым, қасиетім – ана тілім» атты XXI Халықаралық қазақ тілі мен әдебиеті олимпиадасы өтті. 

Оған Түркіменстан, Өзбекстан, Ресей, Иран және Қытайдан 50-ге жуық оқушы қатысты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, мұндағы мақсат - қазақ диаспорасы балаларының ана тіліне, әдебиетіне, тарихына қызығушылықтарын ынталандыру және дарынды жас лингвистер мен әдебиетшілерді анықтау.

Олимпиада үш кезең бойынша өтті: эссе жазу, «Тарихи таным» зерттеу жұмыстарын қорғау, «Өз ұлтымды сүйемін» тақырыбында шығармашылық таныстырылым жасау. 
Ережеге сәйкес, қатысушы елдердің әрбір командасы 14-18 жас аралығындағы 8 оқушыдан және 2 жетекшіден тұрады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ҚР Оқу-ағарту министрлігінің I, II және III дәрежелі дипломдарымен, сондай-ақ алтын, күміс және қола медальдармен марапатталады. 
Ерекше жетістікке қол жеткізген қатысушыларға «Дарын» РҒПО-ның грамоталары мен бағалы сыйлықтары беріледі, ал ең үздіктерге ҚР беделді ЖОО-ның ректорлық білім гранттары табысталатын болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу