KZ
Өскемен
-1°
туман Штиль
494.87 520.65 4.91

Қазақстандық оқушы Қытайдағы халықаралық олимпиадада алтын медаль жеңіп алды

фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі
фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі
29.04.2024, 13:00 128 Айжанат Бақытқызы

Шэньчжэнь қаласында (Қытай) химия пәнінен оқушыларға арналған 58-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасы өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, халықаралық білім сайысына әлемнің 29 елінен екі жүзге жуық оқушы қатысты.

Олардың қатарында Австрия, Армения, Беларусь, Бразилия, Болгария, Венгрия, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Солтүстік Македония, Сербия, Үндістан, Сирия, Куба, Шри-Ланка, Кения бар. 

Олимпиада нәтижесінде Қазақстан құрама командасы 1 алтын, 2 күміс және 6 қола, барлығы 9 медаль жеңіп алды:

Алтын медаль - Ринат Илюсизов, Павлодар қаласындағы №8 дарынды балаларға арналған лицейдің оқушысы.

Күміс медаль - Әділжан Молдағұл, Ақтау қаласының «Білім-Инновация» лицей-интернаты;
Кирилл Ким, Астана қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі.

Қола медаль:

Абылай Қабдулхадыр, Астана қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі;
Әлихан Серікұлы, Haileybury Almaty халықаралық мектебі,

Еңлік Бақытбекова, Алматы қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі,
Тамила Рахимбаева, Павлодар қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі,
Санжар Қалиақбар, Қарағанды қаласының №1 «Білім-Инновация» мектеп-интернаты;
Әліби Мұғалім, Ақтау қаласының «Білім-Инновация» мектеп-интернаты.

Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу