KZ
Өскемен
пасмурно жел 2 м/с, В
494.87 520.65 4.91

Қазақстанның жас математиктері халықаралық олимпиадада төрт медаль жеңіп алды

Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

3.06.2024, 15:16 166 Айжанат Бақытқызы

Өзбекстан астанасында көршілес алты елден: Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Түркіменстан және Тәжікстаннан келген 135 оқушы арасында Әл-Харезми атындағы халықаралық математика олимпиадасы өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ҚО Оқу-ағарту министрлігінің ақпараты бойынша, Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, төрт медаль жеңіп алды: 2 алтын, 1 күміс және 1 қола:

Шерхан Жақсылық - Ақтөбе облыстық дарынды жасөспірімдерге арналған «Білім-инновация» мамандандырылған мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы;

  • Орынбасар Бердібек - Атырау облыстық №1 «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;
  • Темірлан Әбішев - Атырау облыстық №1 «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;
  • Батырхан Аружан – Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 8-сынып оқушысы.

Құрама команданың жетекшісі – Ибрагим Ибатулин, «Үздік педагог» номинациясының иегері, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы.

Естеріңізге салсақ, бірінші олимпиада 2023 жылы өтіп, оған 5 елден 72 қатысушы жиналған. Онда Қазақстан құрамасы екі алтын, екі күміс медальді еншілеген болатын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу