KZ
Өскемен
-22°
туман Штиль
515.25 535.91 5.18

Бесқарағайда «Ахмет Байтұрсыновтың тіл мұрасы» насихатталды

6.09.2022, 10:36 329

Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауданында «Ахмет Байтұрсынұлының тіл мұрасы» насихатталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Тағылымды іс-шара Өндіріс ауылының кітапханасында Қазақстан халқының тілдері күні мерекесі күніне орай өткізілді.

Оқушылар қазақ руханиятының қара нары Ахмет Байтұрсыновтың өмірінен, шығармашылығынан сыр шертетін көрмені тамашалады. Кітапханашы жас іздемпаздарға ұлт ұстазы туралы мәйекті мағлұматтар берді.

«Ахмет Байтұрсынұлының тіл мұрасы» атты кітапханалық сағаттың өз деңгейінде өтуіне өзге де мұғалімдердің атсалысқанын атап өткен жөн. Ұлтты тәрбиелеген тау тұлғаның мерейін асқақтатуға алаш баласы түгел тұрып төрден орын беретін ұстаздардың мүдделі болуы заңдылық деп ой түйдік.

Іс-шара соңында оқушылар Ахмет Байтұрсыновтың қанатты сөздерін жатқа оқып, «Айна мен маймыл», «Қасқыр мен түлкі» мысалдарын мәнерлеп оқыды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу