30 мыңнан астам талапкер грантқа құжат тапсырды
Ғылым және жоғары білім министрлігі екі күн ішінде грант конкурсына талапкерлерден 30 мыңнан астам өтініш келіп түскенін мәлімдеді.
Талапкерлердің таңдауы ішінде ең сұранысқа ие бағыты ретінде «Педагогикалық ғылымдар» қалып отыр, оған 8 мыңға жуық оқуға түсуші құжат тапсырған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақпарат сайтына сілтеме жасап.
Екінші орында орналасқан «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салаларына» 6 мыңнан астам өтініш қабылданды. Қызықты топ-3 бағытқа «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» бағыты кірді. 5 мыңға жуық адам IT саласына түсуді жоспарлап отыр.
Естеріңізге сала кетсек, 135 мың адам ҰБТ-да шекті балл жинаған, олар грант конкурсына қатыса алады.