Олимпиада-2024: 15-ші жарыс күнінің нәтижесі
t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi/ Сали Сабиров
ҚР Туризм және спорт министрлігі 10 тамыз күні жарыс жолына шыққан спортшыларымыздың нәтижелерімен бөлісті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Еркін күрес: 97 кг дейінгі салмақта сынға түскен Әлішер Ерғали ширек финалда жеңілсе де, жұбаныш белдесуіне қатысуға мүмкіндік алды.
Велотрек: Кейрин бағдарламасындағы Андрей Чугай іріктеуде өз тобында мәреге бесінші болып келді. Енді ол жұбаныш кезеңінде бақ сынайды.
Қазіргі бессайыс: А тобының жартылай финалында сынға түскен Елена Потапенко 1301 ұпай жинап, 15-орыннан көрінді.
Брейкинг: Әмір Зәкіров ширек финалда әлем чемпионы Виктор Монтальвоға (АҚШ) жол беріп, жарысты аяқтады. Тоғыз төрешінің 3 раунд бойынша есебі: 0-3 (0-9, 1-8, 2-7).
Олимпиаданың он бесінші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 3 күміс, 3 қола жүлде бар.