KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, С
480.61 534.53 5.28

Олимпиада-2024: 14-ші жарыс күнінің нәтижесі

t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi/Сали Сабиров

10.08.2024, 15:00 91 Назерке Каримова

ҚР Туризм және спорт министрлігі 9 тамыз күні жарыс жолына шыққан спортшыларымыздың нәтижелерімен бөлісті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қазіргі бессайыс: Ерлер арасындағы жартылай финалдың А тобында сынға түскен Георгий Борода-Дудочкин 1452 ұпай жинады. Өкінішке қарай, қазақстандық топта үздік 9 атлеттің қатарына кіре алмай, финалға шыққан жоқ.

Байдарка мен каноэде есу: Каноэде 500 метрге жұптасып ескек есуден әйелдер арасында А және В тобының финалында Мария Бровкова мен Руфина Искакова мәреге үшінші болып жетті. Уақыт көрсеткіші – 1:57.58 секунд.

Еркін күрес: Юсуп Батырмұрзаев (125 кг) алғашқы белдесуінде Роберт Бараннан (Польша) жеңіліп қалды. Есеп – 1:4.

Таэквондо: Батырхан Төлеуғали (80 кг) екінші кезеңде 2 дүркін әлем чемпионы Симоне Алессиоға (Италия) есе жіберді – 0-2.

Жеңіл атлетика: Ұлттық құрама спортшысы Дэйзи Джепкемей Париж Олимпиадасында 10 шақырымға жүгірудің финалында 17-орын алды.

Олимпиаданың он төртінші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 3 күміс, 3 қола жүлде бар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив