FlyArystan басшысы әуежайда қалдырып кеткен қыздың анасынан кешірім сұрады
pixabay.com
FlyArystan әуекомпаниясы 12 жасар қызды рейске мінгізбей, жалғыз өзін өзге қалада қалдырып кеткен.
Бүгін әуе компаниясының басшысы Ричард Леджер қыз баланың анасымен кездесу үшін Оралға ұшып келді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Естеріңізге сала кетейік, оқиға Астанада болған. АҚШ-тан басқа балалармен сенімді өкілдерімен бірге келе жатқан екі егіз қыз Астана арқылы Орал қаласына ұшпақшы болған. Бірақ әуе компаниясы екіз қыздардың бірін тіркеп, екіншісін тіркемей, бортқа кіргізбей қойған. FlyArystan қызметкерлері балаларға жауапты сенімді өкілге техникалық ақауларды жойғаннан кейін қыз баланы өзіміз отырғызамыз деп сендірген. Сөйтіп 12 жасар қыз бала бөтен қала әуежайында жалғыз қалып кеткен. Үйіне тек келесі күні жеткен.