KZ
Өскемен
+7°
переменная облачность жел 2 м/с, Ю
443.35 475.54 4.82

Алматы – Нұр-Сұлтан бағытындағы әуе рейстерінің билеттері секунд сайын сатылып жатыр

3.04.2019, 08:13 109

FlyArystan әуе компаниясының Алматы – Нұр-Сұлтан бағытындағы билеттері секунд сайын сатылып жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Қазақстанның Азаматтық авиция комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


«Екі сағатта екі мыңнан астам билет сатылып кеткен. Бір секундта шамамен бір билеттен сатылып отырған. Билеттердің 90 пайызы онлайн сатылған» делінген комитет таратқан хабарламада.


Айта кетейік, қазақстандық лоукостер (билеттерді арзан бағамен сататын әуе компаниясы) 1 мамырдан бастап Алматы – Нұр-Сұлтан бағытында рейс ашылатынын хабарлап, билеттерді сатылымға шығарған еді.
Рейстерді 180 орындық Airbus A320 ұшақтары жүзеге асырады.


Аталған бағытта лайнерлер күніне екі рет, аптасына он төрт рет ұшады. Бір бағытқа ұшу билетінің ең төменгі бағасы 6 999 теңгені құрайды. Билеттерді компания сайтында брондауға болады.


Комитеттен хабарлағандай, FlyArystan әуе компаниясы биылғы мамыр айынан бастап Алматыдан Тараз (бағасы 4 999 теңге), Қарағанды (5 999 теңге) мен Орал (12 999 теңге) қалаларына да тұрақты рейстер орындамақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив