KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

FlyArystan әуе рейстеріне ақылы тіркеуді уақытша тоқтатты

Фото: egemen.kz

4.08.2023, 17:11 312

FlyArystan әуежайда халықаралық рейстерге ақылы тіркелу қызметін уақытша тоқтатты.

Аталған ведомствоның баспасөз қызметінің дерегінше, осы қызметті іске қосу барысында FlyArystan күтпеген кедергілерге тап болған көрінеді, деп хабарлайды Аltaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

  "Ақылы тіркелу қызметін әлемнің лоукост тасымалдаушылары әуежайда тіркеу процестерін оңтайландыру үшін пайдаланады. Әуежайда ақылы тіркелу қызметін пайдаланушыға ұсыну – жолаушыларды тегін онлайн тіркелу қызметіне ауысуға ынталандырады. FlyArystan-ның онлайн қызметін пайдалану тіркеу бағаналарында кезек күтетін жолаушылар санын азайтады және әуежайдағы рейс алдындағы процедуралардың жылдамдығын жеделдетеді. FlyArystan бұл жаңашылдықты биыл 1 қаңтардан бастап ішкі нарыққа шығарды және бұл – үлкен жетістік. Оның нәтижесінде жолаушылардың 80%-дан астамы қазір онлайн тегін тіркеледі. Бұл 1,3 миллионнан астам жолаушы әуежайлардағы кептеліс пен кезекте тұрмауына мүмкіндік береді", делінген хабарламада.

Компанияның ақпаратында айтылғандай, халықаралық әуе рейстеріне ақылы тіркелу қызметі тиімділігін көрсетті.

  "Өкінішке қарай, аталған қызметті іске қосу барысында FlyArystan күтпеген кедергілерге тап болды. Туындаған мәселелерді шешкенше, қызметті уақытша тоқтату туралы шешім қабылданды. Әуежайда ақылы тіркелу қызметін сатып алған барлық жолаушыларға толық қайтарым жасалынады. FlyArystan осы қызметті болашақта жүзеге асыра алатынына және Қазақстанның авиация саласын дамытуға бағытталған цифрландыру стратегиясына толықтай сенімді. Биыл 3 шілдеде халықаралық рейстерге әуежайда ақылы тіркелу басталғаннан кейін тегін онлайн тіркелу қызметіне ауысудың нәтижелері айтарлықтай. Жолаушылардың 60%-дан астамы халықаралық рейстерге FlyArystan қосымшасы арқылы тегін онлайн тіркеліп қойған. Бұл – халықаралық саяхаттың ең тиімді әдісі және де жолаушыларымызға осы қарбалас кезеңде әуежайларда көп уақытты талап ететін кезектер мен кептелістерді болдырмауға мүмкіндік береді», – дейді әуе компаниясынан.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив