KZ
Өскемен
небольшая облачность жел 2 м/с, Ю
480.63 535.13 5.27

Көкпардан Қазақстан құрамасы көшпенділер ойындарының жеңімпазы атанды

12.09.2024, 14:15 66 Қуаныш Рахметоллаұлы

Жанкүйерлер асыға күткен бәсеке. “Қазанат” ипподромында ине шаншар орын жоқ. Екі команда да бір-бірін жақсы біледі. Азия, Әлем чемпионаттарында кездескен. 5-ші Көшпенділер ойындарында екі құрама қарсыластарын айқын басымдылықпен жеңіп, финалға еш қиналмай жетті.

Алғашқы айналымның басында есеп ашқанымызбен, қуанышымыз ұзаққа созылмады. Қырғызстан құрамасы үш салым салып, есепті 3:1 ге жеткізді. Бірақ екінші айналымда біздің жігіттер намысқа тырысып, есепті 4:3 ге жеткізіп, ойынның соңғы секундтарында қырғыз көкпаршысы есепті теңестіріп кетті. Тең есеппен командалар үзіліске кетті.

Төреші шешімімен 10 минут алтын уақыт беріп, сол он минутта қай команда бірінші болып салым салса, жеімпаз атанады. Қазақстанның көкпаршылары жанкүйерлерімен қолдауымен,  Құрманбек Тұрғанбек  ұлттық құраманы есепте алдыға шығарып, қосымша уақытта жеңісті жұлып алды. Қазақстан Қырғызстан құрамасын 5:4 есебімен жеңді.  Осылайша, көкпардан Қырғызстан екінші орын, Ресей үшінші орын иеленді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив