KZ
Өскемен
-16°
пасмурно жел 1 м/с, С
523.86 544.34 5.11

Жоғалған автомобиль нөмірінің телнұсқасын қалай алуға болады?

Фото: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі

26.02.2024, 10:42 210 Ләззат Қанатқызы

Мемлекеттік нөмірді қалпына келтіру үшін мамандандырылған ХҚКО-ға барып, тиісті өтінім беру қажет.

Көлік жүргізушілері көбінесе қатты жел, жаңбыр салдарынан немесе дұрыс бекітілмеген жағдайда көлік нөмірін жоғалтып алады. «Азаматтарға арналған үкімет» ШҚО бойынша филиалы мұндай жағдайда қайда жүгіну керектігін еске салады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

- Жаңа нөмірлер дайындағаны үшін 2,8 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж төлеу қажет болады. Егер бір нөмірді қалпына келтіру қажет болса, онда 1,4 АЕК мөлшерінде", - деп атап өтті Мемлекеттік корпорация филиалының директоры Азамат Есембулов.

Егер бірнеше көлік болса, телнұсқаларды қалпына келтірген кезде әр көлікке жеке өтінім беру керек.

Айта кетейік, Өскемен қаласының мамандандырылған ХҚКО Абай даңғылы 203/3 мекенжайында орналасқан. Жұмыс күндері 9:00-ден 18:00-ге дейін, сенбі 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу