KZ
Өскемен
-13°
переменная облачность жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Антикордың атынан жалған парақша ашып алған

t.me/antikornews

6.10.2024, 22:00 120 Назерке Каримова

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет алаяқтардың әрекетінен абай болуды ескертеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мессенджерлерде (WhatsApp, Telegram және т.б.) Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығы мен қызметкерлерінің атынан жалған аккаунттар құрған және жалған ақпарат тарататын алаяқтар туралы тағы да ескертеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

- Алаяқтар Антикор символикасы бар жалған құжаттарды, хабарламаларды және файлдарды жасап, азаматтарға жіберіп жүр. Бұл жалған ақпараттарға сенбеуді, күмәнді сілтемелерге өтпеуді, сондай-ақ қолма-қол ақша аудармауды сұраймыз. Күмәнді қоңыраулар мен хабарламалар алған жағдайда, осы фактілер туралы Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдарына дереу хабарлаңыз, - деп ескертті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу