KZ
Өскемен
-1°
снег жел 5 м/с, Ю
519.61 610.13 6.54

Алаяқтық фактілер туралы ескерту

Фото: depositphotos.com

6.06.2024, 21:20 299 Айжанат Бақытқызы

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі азаматтарды WhatsApp және Telegram арқылы жалған аккаунттар құрып,  Министрлік басшылығы мен қызметкерлері атынан қоңырау соғатын, сондай-ақ жалған ақпарат жіберетін адамдар тобының алаяқтық әрекеттері туралы ескертеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Осыған байланысты Ғылым және жоғары білім министрлігі азаматтарды бейтаныс аккаунттарға сенбеуге және күмәнді сілтемелерге кірмеуге, сондай-ақ ақша аудармауға шақырады.

«Мұндай қоңырауларды алған жағдайда аталған фактілер туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды сұраймыз», -деп хабарлады ведомство.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу