KZ
Өскемен
-23°
плотный туман жел 1 м/с, З
506.7 593.14 6.53

Антикор алаяқтар туралы ескерту жасады

Фото: Антикордың баспасөз қызметі

22.08.2024, 15:49 333 Ержан Әбіш

Алаяқтар Антикор символикасы бар арнайы жасалған құжаттардың файлдарын жібереді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мессенджерлерде (WhatsApp, Telegram және т.б.) Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығы мен қызметкерлерінің атынан жалған аккаунттар құрған және жалған ақпарат тарататын алаяқтар туралы ескертеді.

­– Алаяқтар Антикор символикасы бар арнайы жасалған құжаттардың файлдарын жібереді. Жалған ақпараттық таратуларға сенбеуді, күмәнді сілтемелерге өтпеуді, сондай-ақ қолма-қол ақша аудармауды сұраймыз. Осындай қоңыраулар мен таратуларды алған жағдайда осы фактілер туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды сұраймыз, – делінген хабарламада. 


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу