ШҚО-да Республика күні қарсаңында аламан бәйге болды
Республика күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында аламан бәйге болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
25 шақырымдық бәйгеде Абай облысынан келген Аяпберген Қымбат есімді азаматтың Қаражебе тұлпары бірінші келді. Екінші болып Самардың Желқарасы, үшінші болып Көкпектінің Айка атты жүйрігі мәреге кірді.
Ал 15 шақырымдық бәйгеде Тарбағатайдағы Ахметбұлақ ауылының Оқжетпесі алдына қара салмады. Күршімнің Домбыра деген сәйгүлігі екінші, Абай облысының Лайкон атты жүйрігі үшінші келді.
Сондай-ақ ауданда жасөспірімдер қазақ күресі бойынша сынға түсті. Әр түрлі ұйымдардың қызметкерлері команда болып, футбол ойнап сайысты.
Спорттық мереке белгілі қазақстандық жұлдыздардың қатысуымен болған гала-концертпен аяқталды.