KZ
Өскемен
-12°
плотный туман жел 2 м/с, С
498.51 522.84 4.81

Балаларға көмек көрсеу үшін 2 миллиард теңге бөлінген – ШҚО

19.08.2022, 15:18 257

Балаларға көмек көрсету үшін бөлінген 2 миллиард теңге «Жаппай оқыту» қоры аясында бірнеше мақсатта жұмсалатын көрінеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Біліи басқармасының мәліметіне сүйенсек, аталмыш сомаға киім, аяқ киім, мектеп-жазу құралдарын сатып алу, бір реттік тамақтануды ұйымдастыру, балалардың мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларға қатысуы және лагерьлерде жазғы демалысы кіреді. Бүгінгі күні оқушылар үшін мектеп формасы мен аяқ киім сатып алынған.

Жалпы облыс бойынша «Жаппай оқыту» қорынан 21 мыңға жуық бала қолдау алады.

-        Көмекке мұқтаж балалардың бірнеше санаты бар. Атап айтқанда, АӘК алатын отбасылардан шыққан, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, сондай-ақ көп балалы және аз қамтылған отбасыдан шыққан балалар бар. Осындай жұмыстардың арқасында барлық оқушы жағдайларына қарамастан мектепке келе алады, - дейді ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Динара Шаухина.

Сонымен қатар, өңірдегі барлық бастауыш сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтылатынын атап өткен жөн. Бұл мақсатқа қордан 1,2 миллиард теңге бөлінді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу