KZ
Өскемен
-2°
небольшой снег жел 4 м/с, З
494.87 520.65 4.91

Өскеменде 6 мыңға жуық бала мектеп формасын тегін алады

21.08.2020, 09:30 220

Жаңа оқу жылы қарсаңында облыс орталығындағы көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 5 948 бала бюджет қаражаты есебінен жаңа мектеп формасы мен аяқ киім алады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Мектеп формасын тігуді «Иснар» ЖШС қолға алды. Ал аяқ киімдерді «Семей аяқ киім фабрикасы» тігеді. Қазіргі уақытта екі кәсіпорынмен де келісімшарт жасалды. Киім дайындауға 111,5 миллион теңге, аяқ киім тігуге 54,9 миллион теңге бөлінді. Негізі бір мектеп формасы 18 740 теңге тұрады. Балалар 25 тамызға дейін киім-кешекпен толық қамтылады, – деп мәлімдеді қалалық білім бөлімі.

Білім бөлімінің мәліметінше, бұл балаларға мектеп формасымен қоса, қашықтан оқу үшін компьютер және ноутбук беріледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу