KZ
Өскемен
-12°
плотный туман жел 1 м/с, С
498.51 522.84 4.81

ШҚО-да көп балалы және аз қамтылған отбасынан шыққан балалар мектеп формасымен қамтамасыз етілді

2.09.2022, 10:26 264

"Жалпыға міндетті оқыту" қорынан мектеп формасын, аяқ киім, керек-жарақтарды мен тамақтануға млрд. 891 млн. теңге қарасытырылған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Динара Шаухина айтып берді.

-        Қордың киім, аяқ киім және мектеп керек-жарақтарын сатып алуға жұмсаған шығындары 671,3 млн. теңгені, тамақтануға жұмсаған шығыстары 1 млрд.150 млн. теңгені, лагерьлерге жолдамаларға 70 млн. теңгені құрады. Әлеуметтік шаралармен әлеуметтік осал отбасылардан шыққан 21 мың бала қамтылды. Барлық оқушылар жаңа мектеп формасымен және аяқ киіммен қамтамасыз етілді, -  дейді Динара Шаухина.

Сондай-ақ, спикердің айтуынша, 106 елді мекеннен 1 656 бала үшін 83 автобуспен 80 білім беру ұйымына жеткізу ұйымдастырылады. Жыл соңына дейін тағы 11 автобус сатып алынады.

-        Облыста ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар 10 053 бала, оның ішінде 7337 оқушы тұрады. Барлық мектептерде инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалған. Қосымша біліммен оқушылардың 90,5% қамтылды,- деп мәлімдеді ШҚО Білім басқармасы басшысының орынбасары.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу