Өскеменде тағы бір саябақ ашылды
Облыс орталығының 19-шы шағын ауданында жаңа бір саябақ ашылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қазыбек би және Есенберлин даңғылдарының қиылысына салынған саябаққа Халық Қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры, еліміздің тұңғыш Қорғаныс министрі болған Сағадат Нұрмағамбетовтың есімі берілді.
Саябақтың ортасына қаһарманының ескерткіш орнатылған.
– Ескерткіштің қашан ашылатыны әлі нақтыланбады. Бірақ саябақ ашық, – деді қала әкімінің орынбасары Ирина Смит.