«Өте жақсы жабдықталған екен». 60 жаңа жедел жәрдем көлігі Өскемен және Семейге келді
60 жаңа жедел жәрдем көлігі Өскемен және Семей қалаларындағы Жедел медициналық жәрдем ауруханаларының станцияларына жол тартты. Арнайы барып, жинақтау деңгейімен облыс әкімі Даниал Ахметов танысты.
- Өте жақсы жабдықталған екен, ӨЖЖ аппараттары, оттегі баллондары, қашықтықтан ЭКГ, дефибрилляторлар, пульсоксиметрлермен қамтылған. Жалпы, биыл біздің облысымыз жедел әрекет ету қызметтерінің 216 жаңа машинасына ие болады. Бүгінгі таңда өңір бойынша желіде 147 машина жұмыс істейтінін ескерсек, олардың саны енді 2,5 есеге артады. Бұл, әрине, белгіленген стандарттардан әлдеқайда жоғары, бірақ біз қажеттілікті ескеруіміз керек. Әсіресе, жаңа инфекция – COVID-19-дың кең таралу кезінде, - деп мәлімдеді Даниал Ахметов әлеуметтік желідегі парақшасында.
60 көліктің 40-ы Өскемендегі облыстық, 20-сы Семей қаласындағы Жедел медициналық жәрдем ауруханаларына жеткізілді. 13 қарашада қалған 40 көлік келмек.
Ал желтоқсанның ортасына қарай тағы 116 санитарлық автокөлік өңірге жөнелтіледі, олар қалған қалалар мен аудандарға барады.