Өскеменде қоғамдық көліктердің саны артады
Өскемен қаласының жолаушыларды тасымалдауды басқару орталығы автобустар мен трамвайлар саны артатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Орталықтың ақпаратына сүйенсек, барлық тасымалдаушыларға қалалық маршруттардағы көлік бірліктерінің санын арттыру қажеттілігі туралы хабарлама жіберілген. Енді резервтер арқылы қала ішінде қатынайтын автобустар мен трамвайлар көбейтіледі. Айталық 2 қарашада жалпы саны 300 қоғамдық көлік жолға шығады деп жоспарлануда.
– Біз қазірдің өзінде 20 автобус қостық. Өткен жұмада жолға 289 қоғамдық көлік шықты: автобустар, трамвайлар және маршруттық таксилер. Енді көліктер санын 300-ге жеткізуді жоспарлап отырмыз. Оған мүмкіндігіміз бар, – деді жолаушыларды тасымалдауды басқару орталығының басшысы Әби Үсейінұлы.