«Немқұрайлылық танытпаңыздар...» ШҚО тұрғыны карантинді күшейтуді сұрады
Шығысқазақстандықтар облыс басшылығынан карантиндік шараларды күшейтуді сұрап жатыр. Айталық аймақтағы эпидемиологиялық ахуалға алаңдаушылық білдірген «Аягөз жаңалықтары» газетінің бас редакторы Ермек Дайырбаев әлеуметтік желіде жазба қалдырды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Құрметті облыс басшылығы! Әлем елдерін алаңдатқан короновирус инфекциясына Шығыс Қазақстан облысы бойынша шалдыққандардың күрт өсуі бізді қатты алаңдатуда. Небәрі екі-үш күн ішінде ауырғандар саны еселеп артуы үлкен ойға жетелейді. Адамның өмірінен қымбат ешнәрсе де жоқ. Сол үшін де сақтық шараларды күшейтуді сұраймын. Бұл індетпен халық болып күресуіміз керек. Барлық тұрғындарды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырамын. Немқұрайлық танытпауларыңызды сұраймын. Әрқайсымыз мойнымызға жауапкершелік алып санитарлық эпидемиялогиялық жағдайларға үлкен мән берсек аталмыш індетті жеңудің бірден бір жолы осы деп ойлаймын. Ардақты ағайын, құрметті жерлестер топтасып той томалақ жиындар жасау мен топырлатқан іс шараларды доғара тұру аса маңызды екенін білсеңіздер екен. Басымыз аман деніміз сау болсын, – деп жазды Ермек Дайырбаев.