"Саулық сақтықта екенін естен шығармайық" - үржарлық ардагерлер
Шығыс Қазақстанда карантин талаптарының күшейтілуін Үржар жұртшылығы қос қолдап қолдап отыр.
- Адамның денсаулығы – баға жетпес байлық қой. Барлық талапты бұлжытпай орындасақ қана, бұл ауыртпалықты артқа тастаймыз. Бұның барлығы халқымыздың саулығы, еліміздің ертеңі үшін. Дерттің таралуы бойынша аймақ көш бастап тұр екен. Бұндай көштің басында тұру облысымыздың әр тұрғынын іштей қынжылтары сөзсіз. Құр сөзден іске көшетін сәттің келгенін қайталап айтқым келеді.
Құрметті жерлестер, ардақты ағайын қойылған талаптарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын! Қоғам қауіпсіздігі, ел болашағы барлығымыздың қолында. Барлық сақтық шараларын сақтап, отбасыларыңыздың қасында болуларыңызды сұраймын!Барлық сақтық шаралары мен шектеу шараларын Үржар жұртшылығы қолдайды. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! - дейді Үржар аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрланбек Сандыбаев.