KZ
Өскемен
+21°
пасмурно жел 5,2 м/с, З
481.84 531.33 5.07

Өскеменде иммундық плазма донорларына 19 446 теңге төленеді

23.10.2020, 13:22 123

Коронавирус инфекциясымен ауырып, жазылып шыққан Өскемен тұрғындарын COVID-19 шалдыққан басқа науқастарға донор болуға шақырады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Иә, расыменғ егер сіз коронавирустық инфекциядан жазылсаңыз, плазма доноры болып, ауыр жағдайда жатқан адамдарға көмек көрсете аласыз.

Инфекциядан жазылған адамның қанында вирусқа қарсы антидене болады. Бір ғана адамнан алынған иммундық плазма кем дегенде екі науқастың сауығып шығуына септігін тигізеді екен. Плазма тапсыру процедурасы қауіпсіз әрі ауырсыну сезімі болмайды. Донор болуға КВИ-мен орта не ауыр дәрежеде ауырған кәмелет жастағы кез келген адам жарайды. Басты талап – аурудан жазылғанынан кейін кемінде екі апта уақыт өту керек.

Плазма тапсыру үшін тұрғылықты мекен-жайыңыз бойынша антиденені анықтайтын тесттен өту қажет. Одан кейін облыстық қан орталығында тексеруден өтеді. Егер барлық көрсеткіштер мен талдау нәтижелері нормаға сай болса, донор плазма тапсыруға жіберіледі. Бұл процедура үшін 7 АЕК, яғни 19 446 теңге мөлшерінде сыйақы төленеді.

Барлық сұрақтар бойынша облыстық қан орталығына хабарласыңыз: 8(7232)70-38-38, 8-705-752-09-64.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив