KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 4 м/с, В
495.95 524.37 4.98

Өскеменде иммундық плазма донорларына 19 446 теңге төленеді

21.08.2020, 03:47 154

Коронавирус инфекциясымен ауырып, жазылып шыққан ШҚО тұрғындарын COVID-19 шалдыққан басқа науқастарға донор болуға шақырады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Инфекциядан жазылған адамның қанында вирусқа қарсы антидене болады. Бір ғана адамнан алынған иммундық плазма кем дегенде екі науқастың сауығып шығуына септігін тигізеді екен. Плазма тапсыру процедурасы қауіпсіз әрі ауырсыну сезімі болмайды. Донор болуға КВИ-мен орта не ауыр дәрежеде ауырған кәмелет жастағы кез келген адам жарайды. Басты талап – аурудан жазылғанынан кейін кемінде екі апта уақыт өту керек.

Плазма тапсыру үшін тұрғылықты мекен-жайыңыз бойынша антиденені анықтайтын тесттен өту қажет. Одан кейін облыстық қан орталығында тексеруден өтеді. Егер барлық көрсеткіштер мен талдау нәтижелері нормаға сай болса, донор плазма тапсыруға жіберіледі. Бұл процедура үшін 7 АЕК, яғни 19 446 теңге мөлшерінде сыйақы төленеді.

Барлық сұрақтар бойынша облыстық қан орталығына хабарласыңыз: 8(7232)70-38-38, 8-705-752-09-64.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу