Төртінші қабаттан төсек жаймасымен түсудің соңы неге жеткізді
![](/kz/uploads/posts/iblock/96b/96b365acee0eebf7d589c4c0b58cc867.jpg)
Төртінші қабаттан төсек жаймасымен түспек болған Өскемен тұрғыны дүкеннің маңдайшасына құлады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Куәгерлердің айтуы бойынша, ер азамат үйде қамаулы болған. Сол себепті төсек жаймаларын бір-біріне байлап, төртінші қабаттан түсіп кетпек болған көрінеді. Алайда ойы іске аспай, «Старт» дүкеннің маңдайшасына құлап түсті.
Құтқарушылар ер азаматты дүкеннің төбесінен түсіріп, зембілмен жедел жәрдем көлігіне жеткізуге көмектесті. Оларға медбикелер хабар берген екен.
Оқи отырыңыз