KZ
Өскемен
-7°
туман жел 2 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Өскемен. Шәкәрім даңғылы. Көлікпен қай жерлерге тоқтауға болады?

15.10.2020, 12:05 171

Өскемендегі Шәкәрім даңғылы жуық арада толығымен ашылады. Яғни автокөліктер екі бағыт бойынша да қатынайды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Осыған байланысты даңғыл бойындағы тоқтауға болатын және болмайтын жерлер өзгерді. Айталық, Шәкәрім даңғылы Үлбі көпірінен басталады. Яғни көшенің сол жағында тақ санды үйлер, оң жағында жұп санды үйлер орналасқан. Енді Абай даңғылынан Белинский көшесіне дейінгі аралықта даңғылдың оң жағына (жұп санды үйлер орналасқан жақ) тоқтауға болмайды.  Әлбетте қалалық прокуратура (Шәкәрім даңғылы, 58), облыстық ауданаралық мамандандырылған экономикалық сот (Шәкәрім даңғылы, 60) және «Азаматтарға арналған үкімет МК» КЕ АҚ ШҚО бойынша филиалы (Шәкәрім даңғылы, 152) сынды мекемелердің есігінің алдында орналасқан арнайы тұрақтарға тоқтауға рұқсат бар. Ал Белинский көшесінен Гоголь көшесіне дейінгі учаскеде, шағын базар алдындағы арнайы тұрақты қоспағанда, даңғылдың екі жағына да тоқтауға болмайды. Гоголь көшесінен Добролюбов көшесіне дейінгі учаскеде сол жаққа ғана тоқтауға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу