Өскемендегі Шәкәрім даңғылы ашылды
Өскемендегі Шәкәрім даңғылы ашылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Шәкәрім даңғылы бұған дейін көліктер бір бағыт бойынша ғана жүретін көше еді. Қазір жол жөндеуден өтіп, қос жолақты даңғыл болды. Бүгіннен бастап даңыл бойымен көліктердің қатынауына рұқсат берілді.
– Екі жақты қозғалыс енгізіліп, жаңарған Шәкәрім даңғылы бүгіннен бастап ашылады. Енді даңғылдың әлеуетін толық пайдалануға мүмкіндік бар. Қаламыздың қарқынды дамуын ескере отырып, бізге мұндай кең даңғылдар аса қажет екенін айтқым келеді. Даңғылдағы жұмыстар аяқталуға шақ қалды. Қазір көше жарығы жүйесін монтаждау бойынша жұмыстар атқарылуда. Алты трамвай өткелінің үшеуі жасалды. Жақын арада даңғылда маршрутты микроавтобустар да жүре бастайды, – деп жазды қала әкімі Жақсылық Омар әлеуметтік желіде.