KZ
Өскемен
-2°
ясно жел 1 м/с, С
480.61 534.53 5.28

ШҚО-да 500 орындық емхана салынады

21.12.2018, 10:47 216

Шығыс Қазақстанның Риддер қаласында ауысым сайын 500 адамға қызмет көрсететін емхана салынаты болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Кенді Алтайдағы шаһардың қалалық ауруханасына қарайтын 12 ғимараттың бірнешеуінің жасы жарты ғасырдан асып кеткен. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Шоранов аймақ басшысы Даниал Ахметовке осындай проблеманы жеткізді. Оның айтуынша, аурухана кешеніндегі ең ескі ғимарат 1939 жылы, тағы бірі 1941 жылы қолданысқа берілген екен. Аурухана деген аты болғандықтан, кетеуі кеткен ғимараттарды жыл сайын жөндеудің өзі машақатты шаруаға айналып отыр. Жөндеуге шығын шыққанымен, нәтижесі шамалы.


«Жыл сайын жөндеуге деп қаражат бөлеміз. Оның өзі ілекер ғана. Бұларды жермен-жексен етіп бұзайық деп отырған біз жоқ. Жарамды дегендерін жатақхана немесе әкімшілік ғимарат қылып пайдалануға болады. Орнына күніне 500 адамға қызмет көрсететін жаңа емхана салсақ» - деді Марат Шоранов.


Қазіргі емханадан бір ауысымда 385 адам ем қабылдауы тиіс. О бастағы жобалық қуаты сондай. Бірақ күн сайын денсаулығына шағым айтып келушілердің саны 670-680 адамға жетіп отыр.


Басқарма басшысы 500 адамдық емхана мұндай қажеттілікті емін-еркін орындайтынын айтты.


«Бұл шынымен де шешілуі тиіс мәселе. Облыс бойынша ескі аурухана Бородулиха ауданы мен сіздерде ғана бар. Көктемге дейін құрылыстың жобалық-сметалық құжатына қажет 125 млн теңге бөлеміз. Алдағы жылдары мынау қаусаған аурухананың орнына жаңа ғимарат беретін боламыз» - деді облыс әкімі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив